Негізгі бетКомпания туралыБіздің клиенттерБіздің серіктестер Қызмет түрлеріСала жайындаБізбен байланысГалереясы


Связь с Нами

Компания

  • RU
  • EN
  • KZ

Қош келдіңіздер!

«ВЫСОТРЕМСТРОЙ» ЖШС-і сізді ынтмақтастыққа шақыра отырып, кең көлемде инженерлік, жобалау, құрылыс және құрылыс монтаждау қызмет түрлерін ұсынады.

Біздің ұйым арнайы күрделі инженерлік-құрылыс мәселелерін шешумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың бірі болып табылады. Жобалау-қиыстыру бөлімінің, теңдесі жоқ кадр құрамының - технологтар, сарапшылар, техника ғылымдарының кандидаттары және 10 жылдық өтілі бар мамандардың, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері жарияланған инженерлердің болуы компанияға күрделі инженерлік-құрылыс мәселелерін шешуге және кең көлемде мамандандырылған қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл компанияның өз саласында көшбасшы болуын қамтамасыз етеді.

«ВЫСОТРЕМСТРОЙ» ЖШС-ның жоғары деңгейдегі кәсіпқойлығы ҚР ЭИжЕМ Құрылыс комитетінің жыл сайынғы республикалық деңгейдегі лицензияны (МҚЛ) растау аттестациясымен расталды.

Биіктікте және басқа да қиын орындалатын жұмыстарды «ВЫСОТРЕМСТРОЙ» ЖШС өнеркәсіптік альпинизм технологияларын - құрылыс ағаштарына, автомұраларға, көтергіш механиздерге және басқа да «ауыр» техникаларға жылдам әрі жоғары тиімділікті көтерілу баламаларын қолданып жүзеге асырады. Биік жұмыстар өндірістік процестерді тоқтатпай, дәстүрлі тәсілдерді қолдануға мүмкін болмайтын, қол жеткізу қиын және қысылған жерлерде жүргізіледі. Өнеркәсіптік альпинист іске кірісуі үшін дайындық жұмыстарына небәрі 1 сағат талап етіледі.

Мұндай аса күрделі және мамандандырылған жұмыстарды орындау үшін компания «Performia» Швед қадрлар агенттігінің жоғары білікті қызметкерлерді іріктеу жүйесін қолданады.

Компания қауіпсіздік техникасына және кепілдік ұсынумен жұмыстың соңғы нәтижелеріне толық жауап береді. Біздермен орындалатын жұмыс сапасы ҚНжЕ қанағаттандырады.

Біздің кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтағы он жылдан астам жемісті жұмысымыз өзімізді көптеген ұсыныс хаттармен расталатын сенімді әрі тексерілген әріптес ретінде таныстыруға мүмкіндік береді.

Компанияның міндеті – қоршаған орта үйлесімділігімен кәсіпорынның өнеркәсіптік мәдени деңгейін арттыру, біздің қалаларымыздағы ғимараттардың бастапқы таза қалпын сақтап қалу, сонымен бірге қоғаммен өмірдің жаңа сапасына және біздің еліміздің экономикасының бәсекеге қабілетті болуына қол жеткізуге ықпал ету.

«ВЫСОТРЕМСТРОЙ» компаниясы - бұл істелген қызметтер кешені: өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі қорларын диагностикалаудан бастап жөндеу мен мониторинг жұмыстарына дейін, жұмыс барысындағы толық жауапкершілік, Сіздің үмітіңізді растайтын нәтижелер кепілдігі.

Біз әрдайым Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындарына кәсіпқой қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау саласында өз қызметімізді және ынтымақтастығымызды арттыруды жоспарлаймыз және жаңа әріптестік қарым-қатынастарды және байланыстарды орнатуға мүдделіміз.

Сізге біздің компания туралы ұсынылған ақпаратпен танысқаныңыз үшін алғысымызды білдіре отырып, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деп сенеміз.

 
design and technical support by BarVanet